- Advertisement -

«Әлем аруы-2016» байқауын Пуэрто-Рико өкілі жеңіп алды

80

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — АҚШ-та сенбі күні аяқталған байқауда Пуэрто-Рико елінің атынан өнер көрсеткен Стефани Дель Валле «Әлем аруы-2016» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Риа Новости агенттігі. Биылғы жылы сән индустриясының басты оқиғасы 18 желтоқсанда Вашингтонда (АҚШ) басталды. Қазақстан атынан бұл байқауда 18 жасар ақтаулық Әлия Мергембаева өнер көрсетті. Финалға шыққан үздік бестіктің қатарынан Дель Валле мен бірге Кения, Индонезия, Доминикан мемлекеті мен Филипин елдерінің арулары көріне білді. 1951 жылы ұйымдастырылған «Әлем аруы» байқауы сұлулық байқауларының арасында ең ежелден ұйымдастырылып келе жатқан шаралардың бірі саналады.

ақпарат көзі kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support