- Advertisement -

Ақтау тұрғыны телефонның кесірінен тірідей жанып кете жаздады

85

- Advertisement -

Ақтау тұрғыны Сәния Болтабекова қуат көзіне қосулы тұрған телефонның кесірінен жанып кете жаздады

Сәнияның айтуынша, оқыс оқиға орын алған түні ол Samsung Galaxy S5 маркалы смартфонын қуат көзіне қосып, бас жағына қойып ұйықтаған. Таңертең «тарс» еткен дыбыстан шошып оянады.

«Көзімді ашсам, телефон жатқан жердегі жамылғы жана бастағанын көрдім. Бірден телефон мен батареяны жерге тастай салдым. Батарея көз алдымда балқып кетті. Төсегімнің қасында су құйылған стақан болған, тұтанып жатқан батареяға төге салдым. Бірақ еден қарайып кетті», — дейді Сәния.

Оның айтуынша, телефонның жарылуына қуаттау құрылғысы себеп болуы мүмкін.

«Бұл құрылғы түпнұсқа емес, сол себепті тұтанған болуы мүмкін», — деп отыр ол.

Абырой болғанда, ақтаулық тұрғынның өзі дін аман. Отты сөндіріп үлгергендіктен, өрт сөндірушілерге көмек сұрап хабарласпаған, деп жазады informburo.kz.

Ал Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Ходжабекова былтыр да, биыл да телефонның кесірінен өрт шықты деп ешкім оларға хабарласпағанын айтты.

ақпарат көзі: Baq.kz 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support