- Advertisement -

AIBA Данияр Елеусіновты жыл боксшысы атағына ұсынды

98

- Advertisement -

Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) ең үздік жыл боксшысы атағына үміткерлердің есімін атады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Сол тізімге Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, соның ішінде өзбекстандық Вэл Баркер кубогының иегері Хасанбой Дусматов (49 келі салмаққа дейін), кубалық боксшы Робейси Рамирес (52 келі салмаққа дейін) және қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (69 келі салмаққа дейін).

Айта кетейік, Елеусінов AIBA нұсқасы бойынша 2014 жылы әлемнің ең үздік боксшысы атанған.

Дауыс беру AIBA-ның Twitter желісіндегі ресми парақшасында жүріп жатыр және жұмада, 9 желтоқсанда аяқталады. Отандасымызға дауыс беру үшін мына жерді басыңыз.

ақпарат көзі: tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support