- Advertisement -

Н.Назарбаев: Қазақстан мен Қырғызстан арасында ешқандай шешілмеген мәселе болмауы тиіс

95

- Advertisement -

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті, деп хабарлайдыАқорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның өзара іс-қимылының басты бағыттары және екі елдің бірлескен жұмысының алдағы перспективалы салалары талқыланды.

Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи достық және тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті.

– Елдеріңіз біздің жақын көршіміз әрі серіктесіміз болып саналады. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе болмауы тиіс және қарым-қатынасымыз басқаларға үлгі болуы керек. Әлемдегі күрделі экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бірге болуымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Э.Абдылдаев Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі: Baq.kz 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support