- Advertisement -

РИЗАМЫЗ АЛЛА БЕРГЕН ӨМІРГЕ

124

- Advertisement -

Біз екеуміз астық талай белдерден,
Қол ұстасып өттік қиын жерлерден.
Әлі күнге сақтап келем жоғалтпай,
Орамалды қыз кезіңде сен берген.

Сол орамал – сүйген жүрек белгісі.
Асыл жарын аялайды ер кісі.
Адамымын адалдық пен тәртіптің,
Базбіреулер келмесе де сенгісі.

Жылдардың да көбі өтіпті байқасам.
Саған салмақ түсірмедім ешқашан.
Ақын жарым өлең жазсын дедім мен.
Бөлмемізде сөнбейді әлі кеште шам.

Жеңілдеттім жұмысыңның көбісін,
Ақын ғой деп еңбек еткен ел үшін
Күндіз-түні жалау болып жаныңа,
Көрсін дедім бейнетінің жемісін.

Ризамыз Алла берген өмірге.
Ризамыз Тараз деген өңірге
Мені ешкімге қимайсың-ау әлі сен,
Суыған жоқ махаббатым менің де.

img_4542Қайырбек АСАНОВ,
ақын, ҚР еңбек
сіңірген қайраткері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support