- Advertisement -

Әр тілді білген әлемді біледі

191

- Advertisement -

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында жастар арасында облыстық «Тілдарын – 2016» олимпиадасы өтті. Оған 18 және 22 жас аралығындағы он алты талапкер қатысып, олар тілдерді жетік меңгеру тұрғысынан сынға түсті.
Шара барысында облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева үміткерлерге сәттілік тіледі. Қатысушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру, берілген тақырыптарға сай тұсаукесер өткізу, эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау талаптары қойылды. Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тіл мамандары Балжан Шеңгербаева, Райхан Мәселбекова бастаған қазылар құрамының талғамы жоғары болды. Халқымызда: «Бір тіл білген – бір елдің баласы, екі тіл білген – екі елдің баласы» деген қанатты сөз бар. Талапкерлер тілдерді меңгеру арқылы әлемдік деңгейде ойлауды, тәуелсіз еліміздің білімді, жан-жақты болашағы болуды көздейтіндерін байқатты.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Аида Әмірова иеленсе, бірінші орынға Жуалы ауданындағы №7 Жетітөбе орта мектебінің мұғалімі Бағила Нұржігіт лайық деп танылды. Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің студенті Дамира Торламбай екінші орыннан, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Динара Сейтбек жүлделі үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ, «Үздік эссе» аталымы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Мейбя Мұстафаева, «Үздік аударма» аталымы бойынша Меркі ауданы, Т.Қожекеев атындағы №39 орта мектептің мұғалімі Анеля Мұханова, «Тұсаукесер» аталымы бойынша тараздық Мерей Тұрсынбаева арнайы сыйлықпен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және бағалы сыйлықтар берілді.

Есет ДОСАЛЫ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support