- Advertisement -

Елбасы Зүлфия Ғабидуллинаны Паралимпиаданың тұңғыш алтынымен құттықтады

69

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтар атынан Ғабидуллинаны суға жүзу сайысында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұңғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздың мерейін арттырып, зор қуанышқа бөледің. Халқың сені Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен мықты спортшы ретінде таниды. 100 метрге еркін стильмен жүзуден әлем рекордын жаңартып, алтын жүлдеге қол жеткізген бүгінгі жеңісің соны тағы бір дәлелдеді. Бұл жеңісің жылдар бойғы қажырлы еңбегіңнің жемісі деп білемін», – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық тілеп, келешекте жаңа белестерді бағындыра беруіне ниеттестік білдірді.

 

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support