- Advertisement -

Астанада мектепке ақ бантиксіз барған бірінші сынып оқушысын шараға қатыстырмай қойған

86

- Advertisement -

Астана тұрғыны 1 қыркүйекте елордалық мектептердің бірінде өткен салтанатты іс-шарада болған оқиға жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарлығаш Оңғарованың айтуынша, бірінші сыныпқа барған қызын ақ бантик тақпағаны үшін өтіп жатқан іс-шарадан шығарып жіберген.

«Мен ақ бантик түгілі қызымның шашын жинамай-ақ қоюды шешкемін. Маған ақ бантиктер ұнамайды, қызыма да жараспайды. Бұл сыныппен танысуға арналған іс-шара ғой. Мұғалім де тәртіп жайлы айта бастады. Қызым мектеп формасын киіп барды. Бір уақытта қызым маған қарай жылап жүгіріп келді. Мен мұғалімнен неліктен қызымды шығарып жібергенін сұрағанда, ол қызымның ақ бантигі жоқтығын және шашының жиналмағанын айтты», — деді қыздың анасы.

Сондай-ақ, бұл оқиғаға қатысты Астана қаласының білім беру басқармасындағылар да түсінік берді. Ведомстводағылардың мәліметінше, мұғалімге сөгіс жарияланды.

Айта кетейік, Астанадағы мектеп оқушыларының ата-аналары мына телефондарға хабарласып, шағым немесе ұсыныс айта алады: 8 778 255 01 62 немесе 55-01-62. Сонымен қатар, ата-аналар мемлекеттік органдарға Facebook желісіндегі Bilimastana парақшасы арқылы байланысқа шыға алады.

Ақпарат көзі:  Kaz.tengrinews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support