- Advertisement -

«Байқоңырда» 6 мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшті

170

- Advertisement -

1 қыркүйектен «Байқоңырда» 6 мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлім етті.

«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшті. Барлығына да облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жаңа материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілді. Онда жұмыс істейтін ұстаздардың жалақысы ресейлік стандартпен есептелінген бұрынғы айлықтарынан өскендігі байқалады. Қазір Байқоңырдағы 6 мектепте 4755 бала білім алып, ал 1 балабақшада 177 бала тәрбиленуде», — деді ол.

Р.Рүстемовтің айтуынша, бүгінде Байқоңыр қаласында 40 мыңнан астам Қазақстан азаматы тұрып жатыр.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support