- Advertisement -

Грек-рим күресі федерациясы Эльмира Сыздықоваға көлік мінгізді

208

- Advertisement -

Бүгін Қарағанды облыстық Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықоваға көлік мінгізіп, бапкері Владислав Суторминге сыйлық табыстады. Сыйлықты Федерация президенті Асылбек  Дүйсебаев өз қолымен тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Федерация президенті Рио төрінде нәтижелі өнер көрсеткен спортшыға Toyota Corolla көлігі мен 1 млн теңге, ал бапкеріне 3 млн теңге сыйақы табыс етті.

Қола жүлдегерді марапаттау рәсіміне спорт ардагерлері, еңбегі сіңген бапкерлер Нұрғазы Жарылғапов, Александр Мыцик және Иосиф Момцелидзе қатысты. Олар Сыздықованы тарихи жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруды тіледі.

Айта кетейік, мұның алдында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Олимпиада жүлдегеріне Toyota Camry автокөлігін мінгізген болатын.

Ақпарат көзі: BNews.kz 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support