- Advertisement -

Жамбыл облысында есірткі қолдануды насихаттаған Youtube-тің 40 каналы бұғатталды

86

- Advertisement -

Жамбыл облысында бақылау органы интернетте бірқатар видеороликтерді бұғаттап тастады. Бұл туралы аймақтық прокуратураның баспасөз қызметі хабарладды.

«Шу ауданаралық прокуратурасы жүргізген БАҚ-қа мониторинг кезінде есірткіні қолдануды насихаттайтын танымал Youtube видеохостингінің форумдары (канал) анықталды, — деді ауданаралық прокурордың міндетін атқарушы М. Естаев. — Яғни онда марихуана, наша, қарасора сынды есірткі заттарын даярлау және қолдану жолдары көрсетілген».

Ауданаралық прокуратура Шу ауданаралық сотына осындай 41 интернет-ресурстың қызметін заңсыз деп тану туралы шағым түсірген. Қазіргі сәтте аталған интернет-ресурстар заңды негізді бұғатталды.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support