- Advertisement -

Пара алған Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 10,7 млн. теңге айыппұл төлейді

92

- Advertisement -

Тараз қаласының №2 соты Жамбыл облыстық әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеп жүріп, өз қоластына бағынышты медициналық мекемелердің басшыларынан заңсыз алым-салық жинаған Е.Масалимовке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы аталған соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Яғни, Е.Масалимов бірнеше рет өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып пара берушілердің мәселесін шешіп берген.

Қалалық перенаталдық орталығының бас дәрігері К.Сағынғалиева мекемеге тасымалды ренген апаратының, халыққа медициналық көмек көрсету үшін керек екендігін айтып, бірнеше рет Е.Масалимовке жолыққан, алайда өз кезегінде Е.Масалимов осы мәселені оңынан шешу үшін материалдық сыйақы беру керектігін ымдаған.

Өз кезегінде парасыз мәселе шешілмейтіндігін түсінген К.Сағынғалиева Е.Масалимовке 150 000 теңге пара берген.

Әрі қарай  Е.Масалимов өзінің заңсыз әрекетін жалғастырып, басқа да медицина қызметкерлерінен пара алып отырған.

Тараз қаласы №2 сотының 29.08.2016 жылғы үкімімен Е.Масалимов Қазақстан Республикасы ҚК 361-бабының 2-бөлігінің 1,4-тармақтарымен (Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану), 366-бабының 3-бөлігі (Пара алу) бойынша кінәлі деп танылды.

Е.Масалимовке оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өзі алған параның 70 (жетпіс) еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 10 767 050 (оң миллион жеті жүз алпыс жеті мың елу) теңге көлемінде айыппұл түріндегі жазасы тағайындалды.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support