Данияр Елеусінов «ҚазАТУ-дың даңқты түлегі» атанды

Данияр Елеусінов «ҚазАТУ-дың даңқты түлегі» атанды
ашық дереккөз
Данияр Елеусінов «ҚазАТУ-дың даңқты түлегі» атанды
Бүгінгі білім күні еліміздің барлық өңірлерінде жоғары деңгейде атылып өтіп жатыр. Әрбір оқу орны өзі түлетіп ұшырған түлегімен мақтанып, енді ғана қатарына қосылған шәкірттеріне солардай болып жетістікке жетуді тапсыруда. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті де бүгін дәстүрлі білім күнін атап өтті, дейді BAQ.kz тілшісі.
2016-2017 оқу жылында бірінші курс есігін ашқан 1217 грант иегерін университет ұжымымен және өздерінен жоғары курс студенттерімен таныстырған оқу орнының ректоры Ақылбек Күрішбаев студенттерге тек жемісті еңбек пен жеңісті сәттер тіледі.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бізге сенім артып, университеттің базасында еліміздегі ең алғашқы ауыл шаруашылығы саласының ғылыми-зерттеу университетін құруды тапсырды. Біз бұл тапсырманы толықтай орындауға бар күшімізді жұмсаймыз. Қазірдің өзінде аграрлық-инновациялық салады әлемдік көшбасшы әйгілі Дэвис қаласындағы Калифорния университетімен екі жақты тығыс байланыс орнаттық. Сонымен қатар біздің университет әлемдік рейтингте енген қазақстандық 9 оқу орнының бірі. Ал республика көлеміндегі алғашқы бестікке кірсе, еліміздегі «Ең үздік техникалық университет» ретінде танымал. Біз үшін бұл үлкен мәртебе болумен бірге, бізге жүктелген зор сенім» - деді білім ордасының басшысы.
Өзінің даңқты түлектерімен мақтанатын аграрлық білім ордасы бүгін Данияр Елеусіновті «ҚазАТУ-дың даңқты түлегі» атағымен марапаттады. Әзірге университет түлектері арасында бұл атақты алған алғашқы түлек – Данияр Елеусінов. Рио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алтын салған ардақты боксшы аталмыш университеттің 2013 жылғы бітірушісі. Өзі бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болса да Данияр бұл білім ордасында экономика саласы бойынша білім алған.
«Барлық мұғалімдеріме, университет ректоры Ақылбек Қажығұлұлына және барлық маған жанкүйер болған студент іні-қарындастарыма алғысымды білдіремін. Әрқашан сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін тер төгетін боламын» - деді Олимпиада чемпионы.
Өткен жылмен салыстырғанда 13 пайыз көп грант иегерлерін қамтыған университет еліміздегі университетер арасында грант саны бойынша алғашқы төрттікке кіреді. 3000-нан астам бірінші курс студентін қабылдаған білім ордасы қаржыландыру бойынша соңғы 4 жылда 6 есе өскен.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар