Атлантада 7 жасар қыз қоқыс арасынан олимпиаданың алтын медалін тауып алды

69

7 жасар Атланта тұрғыны  Хло Смит қоқыс арасынан олимпиаданың  алтын медалін тауып алды. Ол Барселона-92 чемпионы америкалық Джо Джекобиге тиесілі, спортшы маусым айында оны ұрлатып алған екен, деп жазады шетелдік БАҚ.

Олимпиадашының пікірінше, белгісіз біреулер оның көлігін бұзып кіріп, ішіндегі біраз заттарды қолды еткен, оның ішінде олимпиада медалі де бар. Ұрылар іздерін жасыру үшін оны қоқысқа тастап жіберсе керек. Ал кішкентай Хлоя оны әкесімен қыдырып жүрген кезде қоқыс арасынан көріп қалады. Дүйсенбі күні Джо Джекоби кішкентай қыз оқитын мектепке барып, медальді қайтарып бергені үшін алғысын айтты.

Айта кетейік, спортшы бұл медальді 1992 жылы Барселона олимпиадасында жұптық каноэ есуден алған болатын.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.