- Advertisement -

Төрткүлдің тыныштығын ойлаған тұлға

60

- Advertisement -

1991 жылдың 29 тамызында өз Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын жапқан Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік тарихтағы адамзат баласының ядролық қарусыз дамуының жаңа кезеңін бастап берген және сол ізгі мүдде үшін күресіп келе жатқан саяси тұлға. Адамзат баласының мүддесі үшін ядролық қару-жарақсыз әлем құрудың бастамашысы және оны батылдықпен жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Өйткені, Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялаған тұста қуаты жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналды иеленіп отырған ел еді.
Кешегі Кеңес Одағын уысында ұстап тұрған Сталиннің 1947 жылдың тамызында қол қойған қаулысымен қазақ жерінде құрылған қасіретті Семей ядролық полигонын 1991 жылдың 29 тамызында Кеңес Одағының тұсында өзінің Жарлығымен жапқаны да жаһан жұртының есінде. Елбасының бұл парасаттылығы мәңгі ұмытылмайды және адамзат дамуы өркениетінің беттеріне алтын әріптермен жазып қойылған.
Ал енді бүгінгі аласапыранды уақытта бейбіт күннің тынышы кеткен дүниеге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі тағы да бір жаңа дем берді. Жаһандық қауіп пен қатерлер асқынып, адамзат баласының тағдыры қыл үстінде қылпылдап тұрған қазіргідей сәтте 2016 жылғы сәуір айында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитке әлем бар назарын аударған еді. АҚШ-қа әлемнің 51 елінен келген президенттер мен премьер-министрлер бастаған және де бұған қоса Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық кеңес, Еуропалық комиссия, МАГАТЭ-сі бар, бұдан да өзге халықаралық беделді ұйымдардың әйдік жетекшілері жиналған бұл саммиттен не күтуге болатын еді?! Әлем жұртшылығының көкейіндегі осы бір үміті ақталып, күдігі сейілгендей болды. Сол үміт болып қайта жанған да және сол күдікті көңілді сейілткен де Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі еді.
Бұл «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу идеясымен де аса маңызды болып саналады. Таяудағы жылдары жер-жаһанды әскери әрі саяси милитарландырудан, қару-жарақтың одан әрі таралуынан сақтап қала алмасақ, жаңа қатерлердің бірінен соң бірінің туындай беретіндігін де әлем алдында Елбасы атап көрсетті.

Найман Сұлтанбаев,
Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support