- Advertisement -

80 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды

83

- Advertisement -

ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында «Арай» алқабында 80 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерге ие болған отбасыларды мерекемен құттықтап, қуанышына ортақ­тасуға облыс әкімінің бірінші орын­басары Бекболат Орынбеков арнайы атбасын бұрды. Қос қуанышқа орай ұйым­дас­ты­рылған салтанатты шарада сөз сөйлеген Бекболат Серікбекұлы:

– Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас­та­масымен қолға алынған «Өңірлерді дамытудың жол картасы – 2020» бағдар­ламасының нәтижесі. Бүгінде облыс экономикасы өсіп, өркендеу үстінде. Оның айғағы – экономиканың басты көрсеткіші саналатын құрылыс қарқынды дамуда.
2016 жылы 60-қа жуық нысан­ның құрылысын жүргізу мен жаңғыртуға және жобалық-сметалық құжат­­тама әзірлеуге 19,2 миллиард теңге қарас­тырылған.

Биыл облыс тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы алаңы 21 мың шаршы метрді құрайтын, оның ішінде Тараз қаласында 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда «Арай» алқабында 14 гектар жер телімінде несиеге берілетін 6 тұрғын үйдің құрылысы басталды және жалға берілетін 3 тұрғын үйдің құрылысын монтаждау жұмысын жеке кәсіпкерлер жүргізуде. Жыл соңына қарай жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарға тағы 80 пәтерлі үйдің кілті табыс етіледі. Жалпы, Конституция күніне орай жергілікті бюджет есебінен салынған 5 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға беріледі, – деді.
Пайдалануға берілген тұрғын үй «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы билік пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы салынған. Нысан құрылысын жүргізген – «Агроспецстрой» ЖШС. Өткен жылдың сәуір айында басталған құрылыс өз уақытынан бір ай бұрын мерзімде аяқталып отыр.
Жаңа пәтерге ие болып, ақ дастарқан жайып, ағынан жарылып жүрген Маржан Сейтбекова: «Бүгін 3 бөлмелі пәтердің кілтін қолыма алып, қуаныштан толқып тұрмын. Мемлекетіміз жылдан-жылға өркендеп, дамып келе жатқанына нақты іс жүзінде көзіміз жетіп отыр. Сонымен қатар, ерінбей еңбек етіп, іс қылған азаматтың өсіп-өркендеуіне барынша жағдай жасалуда», – дейді. Ал 4 бөлмелі пәтерге ие болған Батыржан Шамғұнов облыс әкімінің орынбасары мен өзге де басшы азаматтарды шаңырағынан дәм ауыз тиюге шақырып, балаларына ақ батасын алып жатты. Мереке қарсаңында мерейлері асып, мол қуанышқа кенеліп жатқан әрбір отбасы мемлекеттік бағдарламалардың шапағатын барша тұрғын көре берсін деген тілектерін білдірді.

Маржан РАҚАЙ,
«Ақ жол».

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support