- Advertisement -

Әлемге керегі – бейбітшілік

105

- Advertisement -

Биылғы жылдың сәуір айында АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммитте бүкіл әлем саясаткерлері ядролық энергиядан туындайтын сын-қатерлерді ой елегінен өткізіп, оған жауап іздеді. Саммит аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жарияланғаны белгілі. Саммит алаңдарында кең көлемде талқыланған бұл манифест әлем елдері лидерлерінің назарын аударды. Дүниежүзіне белгілі саясаткерлер Қазақстан Президентінің бітімгершілік бастамалары әлемге аса қажетті жаңа леп әкеледі деп бағалады. Бұл маңызды үндеуді қазақстандықтар баламасы жоқ бастама деп таныды. Осы орайда бейбітшіл Қазақстанның әлемнің татулығын көздеген көзқарасы байқалды. Қазіргі таңда әлемде қалыптасқан ахуал ядролық қауіпсіздік мәселесіне бейжай қарауға болмайтынын айқындап отыр. Тек қоғамдық саяси тұрақтылық қана әлемдік өркендеуге жол ашады. Дүниежүзінің әр қиырындағы елдердің достық қарым-қатынасы бәрінен де маңызды. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан ұлы мұраттарға ұмтыла отырып, бейбіт күн астында бесік тербеткеннен артық бақыт жоқтығын насихаттап қана қоймай, ХХІ ғасырдың қауіп-қатерлеріне қарсы күресуге қабілеттілігін де көрсетіп келеді. Манифест те сондай бағалы бастамалардың жалғасы десек, қателеспейміз. Бұл – ең әуелі әлем әлеуетін әрқилы қиындықтарға қарамастан, бейбіт өмір сүруге, рухани, адамгершілік асқақ сезімдерді құрметтеуге шақырған аса маңызды бағдарлама.

Әлемнің әр тұрғыны үшін бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ. Бұдан 25 жыл бұрын Қазақстан басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаны белгілі. Міне, енді Мемлекет басшысы тағы да бейбітшілік пен әлем елдерінің татулығын ту етіп көтеруде.
Бейбіт жолмен әлем елдерінің дамуы – өркендеудің негізі. Адамзаттың асыл үміті, арман мұраты да тыныштық, тұрақтылық сақталған жерде жүзеге асады. Әлем елдерінің алдында бейбітшілікке үндеп, Қазақстан Президентінің бастама көтеруі біздің мемлекеттің ұстанымын танытып, беделін асқақтатты. Бұл бастама әлемнің алдыңғы қатарлы елдері тарапынан қолдау таба беретіні күмәнсіз.

Ж__н¦с-актерЖүніс Әлімбеков,
облыстық қазақ драма театрының әртісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support