- Advertisement -

Халықаралық Олимпиада комитеті Головкиннің спортқа сіңірген еңбегін бағалады

63

- Advertisement -

Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Томас Бах қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің спортқа сіңірген еңбегін бағалады. Жерлесімізге Халықаралық Олимпиада комитетінің арнайы белгісі табыстады, деп жазады GGG-дің В контакте әлеуметтік желісіндегі тобы.

Бұл белгіде Олимпиаданың символы саналатын бес сақина мен Афины 2004 деген жазу бар. Өйткені, Головкин дәл осы Олимпиада ойындарына қатысып, күміс жүлдеге иеленген болатын.

Геннадий Головкинді мамыр айында Монакодағы гран-при кезінде кньязь Альберт II Томас Бахха таныстырған болатын. Сол кезде Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы спортшының жетістігіне ризашылығын білдірген еді. Сондай-ақ Олимпиада ойындарының арнайы белгісін табыстайтынын уәде еткен еді. Бүгін осы белгі GGG-дің лагеріне жеткізілген.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support