- Advertisement -

«Тараз» футбол клубына миллиард теңге айыппұл салынды

60

- Advertisement -

Тараз қаласының әкімшілік сотында «Тараз» футбол клубы» ЖШС-ға қатысты іс қаралды. Ол бес жыл бойы бюджетке қосымша құн салығын төлемеген, — деп жазады Қазақпарат.

ЖШС өкілі сотта мәлімдегендей, клуб бюджетке ҚҚС аудармауы тиіс. Өйткені, оның қызметі мәдениет саласындағы қызмет пен жұмысты көрсету болып табылады. Осыған байланысты, Салық кодексінің 253-бабының талаптарына сәйкес, заңды тұлға қосымша құн салығынан босатылады.

Алайда, сотта мұнымен салық органдары мен прокуратура келіспеді.

Олар егер қызметті мемлекеттік тапсырыс бойынша әлеуметтік маңызды шаралар аясында өткізсе ғана мәдениет саласындағы қызметтер жұмыстан босатылатынын айтты.

Сот айыптау тарапымен келісті. Нәтижесінде, миллиард теңге жылдық айналымы бар ЖШС айыппұл түрінде 1 миллиард 50 миллион теңге аударуға міндеттелді.

Бұл ретте соттың баспасөз қызметі жұмсартатын немесе ұзартатын мән-жайлар жоқ екенін атап өтті, ЖШС қаулы заңды күшіне енгеннен кейін отыз тәулік ішінде ақшаны бюджетке аударуы тиіс.

Айта кетейік, аталған ЖШС қызметі тоқтау сатысында, ал бүгін ел чемпионатында басқа заңды тұлға шығады.Ол — «Тараз» футбол клубы» МҚК.

Ақпарат көзі:  Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support