- Advertisement -

Елбасы Италия халқына жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

53

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Апенин түбегінің орталық бөлігіндегі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті достас Италияға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support