- Advertisement -

Риода Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Елбасының құттықтау хаты тапсырылды

82

- Advertisement -

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Қазақстан үйінде баспасөз мәслихаты өтіп, осы орайда Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов  Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Елбасының құттықтау хатын тапсырды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Онда Данияр мен Эльмира тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, өз әсерлерімен бөлісті.

Осы орайда Данияр Елеусінов: «Менің жеңісім — қазақтың жеңісі. Барлық жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Олимпиаданың ақырына дейін болып барлық спортшыларымызға қолдау көрсетемін», — деп атап өтті.

Эльмира Сыздықова: «Осы қола жүлдеге жету оңай болған жоқ. Бұданда жоғары көрсеткішке қол жеткізуім керек еді. Бұйырғаны осы болды. Жалпы елімізге жүлде сыйладым. Сол үшін бақыттымын. Қуаныштымын. Сіздерге де көп рахмет! Осындай спортпен айналысуға үлкен мүмкіндіктер жасап беріп жатқан елімізге рахмет», — деді.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support