- Advertisement -

Әділбек Ниязымбетов Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері атанды

183

- Advertisement -

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов финалда  кубалық   боксшы Хулио Сесар ла Крусқа жол беріп, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша қазақ боксшысы екі дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бұл Олимпиада тарихындағы қатарынан екі рет финалға шыққан екінші боксшымыз. Осыған дейін Болат Жұмаділов екі бірдей Олимпиаданың финалына шығып, екі мәрте күміс жүлдегер атанған болатын.

Міне, бүгін Әділбек сол ағасының ерлігін қайталады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанса, кеше Данияр Елеусінов 69 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.Енді боксшыларымыздан бір ғана боксшы жарыс жолында қалды. Ол — аса ауыр салмақтағы Иван Дычко. Бұйырса, Олимпиада ойындарының соңғы күні ол да қоржынымызға медаль сыйлайды деген үміттеміз.

null null null null null null null null null null null

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support