- Advertisement -

Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді — Д.Назарбаева

76

- Advertisement -

Астанадағы білім беру саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді білім беру жүйесін түсіндіру кезінде біршама қателіктер кетсе де, одан дүрбелең жасамауға үндеді. Оның айтуынша, осы бастама аясында қазақ тілінің дамуына ешқандай кедергі болмайды. Айта кетер жәйт, жүздеген педагогтар алдында сөз сөйлеген Д.Назарбаева өз баяндамасын басынан бастап аяғына дейін мемлекеттік тілде жасады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

» Келесі бір мәселе — қоғамдық резонанс туғызған үш тілді білім беру жүйесі. Бұл полемикада көптеген түсініксіз қателердің болуына бізден де кінә бар. Оны мойындаймыз. Ол мәселе түрлі пікірлер мен айтысты туғызды. Үш тілді білім беру жүйесі кезең-кезеңмен жүзеге асады және ең алдымен 10-11 сыныптарда тек 2019 жылы ғана басталады. Осы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын ұстаздар мен оқушылар, олардың ата-аналары арасында әлі де жүргізу керек»,-деді ол.

Алдағы екі жылда үш тілді білім беру жүйесін енгізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады. Ұстаздарды қажетті біліммен даярлайды. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам ұстаз өз еркімен 4-9 айлық тілдік курстарға жазылды. Сол уақыт аралығында олардың жұмыс орны мен еңбекақысы сақталады.

«Ал ұстаздардың дайындық деңгейін біз 2018 жылы бағалаймыз және сараптама нәтижесін Елбасына баяндаймыз. Сондықтан дүрбелең жасауға ешқандай негіз жоқ. Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді, керісінше, орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқытуды күшейту жоспарланып отыр. Қосымша екі пән — қазақ әдебиеті мен қазақ тариxы қазақ тілінде оқытылатын болады. Бүгінде білім және ғылым министрлігі тілді оқытудың жеңілдетілген әдісін әзірлеп жатыр»,-деп атап көрсетту Д.Назарбаева.

Ақпарат көзі: bAQ.KZ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support