2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделіктер енгізілмек
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кеңесте Астана қаласының қоғамдық ата-аналар кеңесінің басшысы Анар Түлебаева министрге өз ұсынысын айтты.
«Сіз белсенді интернет қолданушысысыз. Алайда білім беретін мекемелердің көбі әлеуметтік желіде ашық емес. Осы орайда ата-аналармен белсенді түрде байланыс орнату үшін бірыңғай интернет-ресурсын ашуыңызды ұсынамыз. Себебі ата-аналардың көбісінде мектептер мен балабақшаларда берілетін кеңестерді алуға уақыты болмай жатады. Ал қашықтықтан байланыс орнату тиімді болар еді», — деді Түлебаева.
«Қазақстанда осы күнге дейін 1000 мектепте электронды күнделік енгізілген. Біз келесі жылдың соңына дейін елдегі барлық 7,5 мың мектепті электронды күнделікпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, — деді министр.
Осыған дейін Қазақстанның қағаз күнделіктерден бас тартатыны хабарланған еді. Бұл жобаның құны 30 миллиард теңгені құрайды. Алайда мемлекет бұған ақша бөлмейді, себебі мұны инвесторлар қаржыландырады.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Comments are closed.