- Advertisement -

РИО-2016: Екатерина Ларионова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

58

- Advertisement -

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін  әйелдер күресінен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Екатерина Ларионова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп  хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Ол жұбаныш белдесуінің  алғашқы белдесуінде швециялық балуан Хенна Йонхенсонды 5:0 есебімен ұтқан болатын. Екінші белдесуінде АҚШ балуанын таза ұтып, Рио Олимпиадасының қола медалін жеңіп алды. Осылайша Қазақстан қоржынына жетінші қола медальды салып берді.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық балуан Гюзель Манюрова финалға шықты. Жерлесіміз алтын медаль үшін канадалық балуанмен кездеседі.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support