- Advertisement -

Мырзағали Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

65

- Advertisement -

Бүгін жігіттердің барлығы жарады. Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жарыстан кейін, Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Бүгін жігіттердің барлығы жарады. Тапсырмаларды ойдағыдай орындады. Енді Әділбек Ниязымбетов пен Данияр Елеусінов екеуі алтын үшін айқасқа шығады. Екеуі де осыған дейін Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибелері, күштері бар боксшылар. Соңғы шешуші сында төрешілер тобығымыздан қақпаса, екеуі де алтынға таласуға шамалары жетеді. Әділбектің Лондонда алған күмісі бар. Енді оны алтынға айырбастауға үлкен мүмкіндік туды. «Күміс» жігіттеріңіз алтынға айналсын!» деп тілей беріңіздер. Ал Даниярдың жарақаты жақсы болып қалды. Ол да ертеңгі жекпе-жегіне дайын», деп атап өтті бас бапкер.

Сондай-ақ, ол Дычконың да Лондондағы қола медалін күміске, керек болса, алтынға айырбастауына үлкен мүмкіндік туып тұрғанын айтты.

«Дычко да Лондонда қола медаль жеңіп алды. Енді оны күміске, керек болса, алтынға айырбастайтын үлкен мүмкіндік туды. Оған жету үшін әр боксшымыз төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып отырып жеңулері керек», — деп атап өтті Мырзағали Айтжанов.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support