- Advertisement -

Әділбек Ниязымбетов: Ақтық сынға шығу үшін аянып қалған жоқпын

77

- Advertisement -

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов жекпе-жектен кейінгі әсеріммен бөлісті деп, хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтық сынға шығу үшін аянып қалған жоқпын. Өздеріңізде көріп отырдыңыздар. Буатси — қолайсыз қарсыластарымның бірі. Өзі де мықты боксшы. Сондықтан, бапкерлерімнің кеңесіне құлақ түріп, айтқандары бойынша жұдырықтастым», — деп атап өтті Ниязымбетов.
Осыдан бірер минут бұрын Әділбек Ниязымбетов Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, британиялық спортшы Джошуа Буатсиді ұтып, финалға өтті.

Британиялықтан ұпай санымен басым түскен маңғыстаулық спортшымыз енді 3 дүркін Әлем чемпионы, кубалық Хулио Сезар Ла Крусмен жұдырықтасады.

Финалдық кездесу 19 тамызда түнгі сағат 00:30-да (Астана уақыты) өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Әділбек осыдан төрт жыл бұрын Лондон олимпиадасында да финалға дейін сүрінбей жеткен болатын. Міне, бүгін екінші рет Олимпиада ойындарының финалына жолдама алды.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support