- Advertisement -

«Тараз» фильмін тамашалауға дайынсыз ба?

115

- Advertisement -

Режиссер әрі продюсер, жерлесіміз Нұртас Адамбаевтың «Тараз» фильмі ағымдағы жылдың 6 қазанында прокатқа шығады деп күтілуде.

Аталмыш криминалдық драманың түсірілім жұмыстары режиссердің өзі туған қаласы Таразда өткен. Картинада қаланың криминалды ауданында өмір сүретін жас жігіттің өмірі жайлы оқиғалар баяндалады.
– Мен бұл криминалдық драма арқылы өзімнің туып-өскен қалама деген құрметімді көрсеткім келеді. Фильмде біз нақты жағдайларды көрсетеміз. Мысалы, адамдардың қылмыстарға бару себебі. Әр адамның өзінің қандай да бір қылмыс жасауының салдары бар ғой. Біз ақ пен қараны жақтырмаймыз. Жаман десе жаман, жақсы десе жақсы дейміз. Кез-келген адамның жақсы да, жаман да қасиеттері болады. Адам қылмысқа баруы мүмкін, бірақ ол да барлық адам сияқты дүкенге барып, ет, картоп сатып алады. Жалпы айтқанда, біз осы фильм арқылы өмірдің шын мәнінде қандай екенін көрсетуге тырысамыз, – дейді Нұртас Адамбаев.
Фильмде басты рөлдерде Нұртас Адамбаев, Еркебұлан Дайыров, Гүлнәз Жоланова, Асан Мәжіт, Төлепберген Байсақалов, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева, Нұржан Садыбеков, Марат Абдуллаев пен Әшім Ахметовтер ойнайды.
Айта кетейік, бұл фильмнің түсірілім жұмысына режиссердің бұрынғы жобаларымен салыстырғанда әлдеқайда көп уақыт кеткен екен. Сондай-ақ, картинаның бюджеті де қымбатқа түскен. Адамбаевтың алдыңғы үш комедиясынан кейін басқа жанрда түсірген бұл фильмін көпшілік көрермен асыға тосуда. Тараздықтар да өз қалаларында өмірге келген кинотуынды тамашалауға ниетті.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support