- Advertisement -

Сабақтың басталуына санаулы күн қалды

85

- Advertisement -

Жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталатын кез жақын қалды. Жылдағыдай жаңа оқу маусымының жаңалығы да аз емес. Бірінші сынып оқушылары 5 күндік оқу жүйесіне көшетінін айтпағанда, мектептерде де өзгеріс көп.

Жаңа оқу жылында білім ошақтарының саны 1 мектепке артады. Бүгінге дейін облыста 449 мектеп жұмыс істеп келген. Білім күні қарсаңында Байзақ ауданы, Түймекент ауылында 300 орындық орта мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы, жаңа оқу маусымында 5 мектептің оқушылары жаңа мектепте білім алатын болады.
Жаңа оқу жылындағы жаңалық – бірқатар мектеп ғимараттарының жаңартылатыны. Нақтырақ айтсақ, 10 білім нысаны мен 2 мектептің қосымша ғимараттары бой көтеруде. Соның ішінде 5-еуі жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. 5 мектептің 2-еуінің құрылысына қажетті қаржы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен бөлінгенін айта кету керек. Тағы біреуінің құрылысы жыл соңына дейін, қалған 4 мектеп пен 1 білім ошағының қосымша ғимараты 2017 жылы аяқталады деп күтілуде. Оның 2-еуі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатқа салынуда.
Жыл басында апатты жағдайдағы 11 мектеп тіркелген болатын. Соның 2-еуі жаңа құрылыс есебінен осы оқу жылында пайдалануға беріліп, шешімін таппақ. 3 мектептің мәселесі 2017 жылы шешіледі. Қалған 6 мектептің мәселесі 2017–2018 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлануда. 2 мектептің жобалық-сметалық құжаты мен мемлекеттік сараптама қорытындысы дайын, 4 мектептің жобалық-сметалық құжаты дайындалуда.
Сондай-ақ, үш ауысымды 5 мектептің 2-еуінің мәселесі шешілсе, биыл Ұлттық қор есебінен қаржы бөлініп, бір білім ошағының іргесі қаланды. Оқушыларға тарлық етіп келген білім нысаны 2017 жылы аяқталмақ. Қалған 2 мектептің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Биыл 30 мектеп күрделі жөндеуден өткізуге 3 миллиард 417 миллион 894 мың теңге (республикалық бюджеттен 1 миллиард 330 миллион 693 мың, жергілікті бюджеттен 2 миллиард 87 миллион 201 мың теңге) бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 30 білім нысанының біреуінің жылу жүйесі, біреуінің қазандығы, 28-інің ғимараты жөнделуде.
Сондай-ақ, биыл 101 мектепті ағымды жөндеуге 356 миллион 524 мың теңге бөлініп, 7-еуінің жылу жүйесі, 7-еуінің қазандығы, 8-інің шатыры, 4-еуінің электр жүйесі жаңартылды. 75-інде ғимаратқа әрлеу жұмыстары жүргізілді.
2016-2017 жылдары жылыту маусымын жүргізу үшін 47946 мың тонна қатты отын сатып алуға 504 миллион 400 мың теңге бөлінді, бүгінгі күні жоспарланған қатты отынның 80,2 пайызы білім мекемелеріне жеткізілді.
Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. 2016 жылы 1,8 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне және қосымша оқу құралдарына тапсырыс беріліп, осы мақсатқа 1 миллиард 78 миллион теңге бөлініп, оқушыларды 100 пайыз оқулықтармен қамту жоспарланған (2015 жылы – 100 пайыз). Оқулықтарды білім мекемелеріне жеткізу жұмыстары 25 тамызда аяқталады.
Өткен оқу жылында мектебі жоқ 34 елді мекенде тұратын 907 мектеп жасындағы баланың 48-і мектеп жанындағы интернаттарға орналастырылып, 859-ы тасымалданып оқытылған болатын. Биыл да жаңа оқу жылында мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балаларды оқумен қамту үшін барлық жағдай жасалуда.

Айдын Досыбаева,
облыстық білім басқармасының орта білім бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support