- Advertisement -

Рио-2016: Біржан Жақыпов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

85

- Advertisement -

Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында ширек финалда 49 келіде бокстансқан Біржан Жақыпов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды.

Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Біржан Жақыпов өзбек боксшысы Хасанбай Дусматовтан айласын асыра алмады. Есеп 0:3.

Біржан осыған дейін намибиялық Маттиас Хамуньелмен жұдырықтасып, оны айқын басымдылықпен ұтқан болатын. Өкінішке қарай, бүгін өзбек боксшысына шамасы жетпеді.

Бұл Біржанның  қатысып жатқан үшінші олимпиадасы. Ер кезегі үшке дейін деп биыл қалайда Қазақстан қоржынына бір медаль салады деп үміттенген болатынбыз. Алайда ол үмітті жел айдап кетті.

Енді санаулы минуттардан кейін шаршы алаңға 91 келі салмақта Василий  Левит шығып, мавританиялық боксшы Кеннеди Сен Пьермен жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ боксшыларынан Олимпиаданың алғашқы күні 60 келідегі Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысы Карлос Баль Дерастен жеңіліп қалған болатын. Бүгін екінші боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support