- Advertisement -

Рио-2016: Қазақстан Жазираның күмісінен кейін, 31-орыннан 27-орынға көтерілді

60

- Advertisement -

Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында Жазира Жаппарқұлдың күмісінен кейін, Қазақстан жалпы есепте 31-орыннан бірден 27-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рио Олимпиадасының көрігі күн өткен сайын қызып келеді. Тура қазірге дейін, 50 мемлекет Рио олимпиадасының медалін алып үлгерген. Қазақстан қоржынынына Жазира екінші күміс медальды салып, 2  күміс, 3 қола медальмен 27-орынға көтерілдік.

Ал АҚШ алтын медальдар санын 10-ға жеткізіп, көш бастап келеді. Олардың еншісінде 10 алтын, 9 күміс, 9 қола бар. Екінші орында 9 алтын, 3 күміс, 7 қола жеңіп алған Қытай құрамасы келеді. Ал үшінші орынға 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді иеленген  Оңтүстік Корея спортшылары ие болып келеді.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.  Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, бүгін қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл Қазақстан қоржынына екінші күміс жүлдені сыйлады.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support