Таиланд «Экспо-2017» көрмесіне қатысатынын растады
Р. Жошыбаев халықаралық қатысушыларды тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс пен «Экспо-2017» көрмесіне дайындық барысы туралы хабарлады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Таиланд арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығында ЕХРО алаңы жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстар мен қатынастарға қосымша серпін беретініне сенім артты. Осы тұрғыда, Таиланд королі Таиланд Ұлттық күнін өткізу шеңберінде Астанаға сапарын ұйымдастыру мүмкін екенін айтты.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Comments are closed.