- Advertisement -

Журналистерге соттың ашық отырысына смартфондар мен планшеттер алып кіруге рұқсат етіледі

65

- Advertisement -

Журналистерге соттың ашық отырысына смартфондар мен планшеттер алып кіруге болады. Бұл туралы Алматыда баспасөз мәслихатында қалалық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі судья үйлестірушісі мәлімдеді.

«Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарына аудио және видео жазба үшін техникалық құралдарды пайдалануға тыйым жоқ», — деп мәлімдеді Ирина Федотова.

Оның айтуынша, тек тәртіп белгіленді, егер соттың ашық отырысы болатын  болса, онда БАҚ өкілдері сот отырысы басталғанға дейін іске төрағалық етушімен алдын ала хабарласып, рұқсат алуы тиіс.

«Қылмыстық және азаматтық процессуалдық заңнамада бекітілгендей,  бұл келісімде іс бойынша процеске қатысушының пікірі ескеріледі, яғни бұл азаматтық іс бойынша — қуынушы, жауапкер. Қылмыстық іс бойынша — сотталушы, жәбірленуші. Видеожазбаларды пайдалану мәселесі олардың пікірін ескеріп шешіледі, сондықтан бүгінде мұндай мәселе бізде туындамайды», — деп атап өтті ол.

«Бұл айтылған талаптар аудио және видеожазба функциялары бар барлық техникалық құралдарға жатады», — деп жауап берді Ирина Федотова.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support