- Advertisement -

Рио-2016: Қазақстан 4 медальмен 30-орында келеді

64

- Advertisement -

 Рио Олимпиадасының төртінші күні Қазақстан қоржынына төртінші медаль түсті. Алайда, жалпы есепте 30-орынға сырғып кеттік, деп хабарлады Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше жалпы есепте АҚШ қытай құрамасын басып озған еді. Бүгін қытайлықтар АҚШ-тан екі алтын артық алып, қайта көш бастады.

Қазірге дейін, 44 мемлекет Рио Олимпиадасының медаліне қол жеткізіп үлгерді. Соның ішінде Қытай құрамасы бүгін медальдар санын 7 алтын, 3 күміс, 5 қолаға жеткізіп, бірінші орынға көтерілді. Екінші орында  — 5 алтын, 7 күміс, 8 қола алған АҚШ спортшылары келе жатыр. Үздік үштікті 4 алтын, 4 қола медаль жеңіп алған Австралия елі түйіндеді.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support