- Advertisement -

ҚР Ұлттық банкі: 5 млн қазақстандық екінші деңгейлі банктен несие алған

71

- Advertisement -

Қазақстандықтар банктерге 4 триллион теңге қарыз. Бұл жөнінде Алматыдағы «Коллекторлық қызмет туралы» заңды талқылауда ҚР Ұлттық банкі Қаржы нарығының әдіснамасы департаментінің директоры Нұрлан Әбдірахманов хабарлады.

«5 миллион қазақстандық екінші деңгейлі банктерден несие алған. Теңгеге шаққанда, алынған несиенің жалпы сомасы 4 триллион теңге. 1 миллион халықтың несие төлеуді кешіктіруі 90 күннен асып кетті. Жұмысын тоқтатқан (NPL) несиелерді біз осылай анықтаймыз. Мерзімі өтіп кеткен тұтынушылар қарызы бар қарызданушылар саны жалпы қарыз алушылардың, яғни 5 миллион адамның 13 пайызын құрайды»,- деді Н.Әбдірахманов.

Мерзімі өтіп кеткен қарыз ақшаның көлемі 306 миллиард теңге. Оның айтуынша, барлық проблемалық қарыз алушылардың 64,1 пайызы жасырынып жүр. Қарызын қайтаруға ниеттілер 23,2%. Қазір нарықта 205 коллекторлық ұйым бар, оның 59-ы 17 банкпен өзара қарым-қатынас орнатқан.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support