Жыл басынан Қазақстан жолдарында 1200-ден астам адам көз жұмды

Жыл басынан Қазақстан жолдарында 1200-ден астам адам көз жұмды
ашық дереккөз
Жыл басынан Қазақстан жолдарында 1200-ден астам адам көз жұмды
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне қарағанда, биылғы 7 айда  9 941 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 14 мың адам зардап шекті. Олардың арасында 1228 адам қаза болып, қалғандары түрлі деңгейде жарақат алды. Статистикалық көрсеткіштерге қарағанда, жол апаттарының себептері  өзгермей тұр. Жалпы, 90 пайыздан артық ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Сонымен, олардың кінәсінен 9490  апат жасалған, оның ішінде 337-сі алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған. Биылғы жылы қоғамдық көліктің қатысуымен 645 ЖКО  орын алып, онда  48 адам қаза болды, 896-сы  жарақаттанды. Айта кетейік, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына алып келген жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Ұқсас жаңалықтар