- Advertisement -

2018 жылы елімізде ет, шұбат және бал өндіретін кооперативтер құрылады – «ҚазАгро»

78

- Advertisement -

Елімізде кооператив құру тәжірибесі ауыл шаруашылығының басқа да салаларына енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 «ҚазАгро» кооперативтер жүргізген жұмыстар оң нәтиже бергенін есепке ала отырып, оны ауыл шаруашылығының басқа да салаларына енгізуді жоспарлап отыр. 2018 жылға дейін сүт өңдеу және өндіру, ет өнімдерін, мақта, шұбат, жүгері өндіру, омарташылық, қой өсіру және дәнді дақылдар егуді Қаржылай қолдау қорының көмегімен кооператив негізінде  жүзеге асыруды қарастырып жатырмыз» деді төраға.

Сонымен қатар, Нұрлыбек Малелов ауыл шаруашылығы кооперативі жұмысының табысты болуы шаруалардың ауызбіршілігі мен жұмысына байланысты екендігін атап өтті.

Айта кетейік, 2016 жылдың басынан бастап «ҚазАгро» Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында 10 кооперативті қаржыландырды. Яғни, жалпы, 726 мың гектар жерге егін салып отырған 212 шаруаға 8,3 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.

Ақпарат көзі: BNews.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support