- Advertisement -

Биыл елімізде 6 түрме жабылады

100

- Advertisement -

Биыл елімізде 6 түрме жабылады. Бұл туралы Бас прокурор Жақып Асанов ведомствоның алқа жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

 «Түрме индексі бойынша позиция жыл сайын жақсарып келеді. Бүгінде біз 221 мемлекеттің ішінде 62-орындамыз. Бұл Еуропаның жетекші елдерінің деңгейінде. Жарты жылда сотталғандар саны 2,5 мыңға төмендеген, бүгінде 37 мыңнан аз. Қаражалдағы колония жабық, осы жылы тағы 6 түрме жабылады. Бұл «түрмедегілерді азайту бойынша 10 шара» атты біздің жобамыздың нәтижесі» дейді Бас прокурор.

Оның айтуынша, түрмедегі азаптаулар шешілмей отыр. Жыл сайын 600 шағым тіркеледі, оның әрбір алтыншысы расталады. Соңғы 1,5 жылда колонияларда азаптаудан 4 адам көз жұмған. Сондықтан «Азаптаусыз мемлекет» деген жоба бастау алды.

 

Ақпарат көзі: BNews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support