- Advertisement -

Үндістанның әскери ұшағы Бенгал шығанағында жоғалып кетті

82

- Advertisement -

Үндістанның Ан-32 әскери-көлік ұшағы Бенгал шығанағы маңында жоғалды, деп хабарлады Би-би-Си агенттігі Үндістанның Әскери әуе күштеріне сілтеме жасай отырып. Лайнер бортында 20-дан астам адам болған.

Ұшақ елдің оңтүстігіндегі Ченнаи қаласынан әскерилерді Оңтүстік Андаман аралындағы Порт-Блэрге тасымалдаған.

Жергілікті билік іздеу шараларын бастады. Оған ұшақтар мен кемелер жұмылдырылды.

Үндістан ӘӘК өкілі Франс-пресс агенттігіне ұшқыштар диспетчермен Ченнаидан ұшып шыққаннан 15 минуттан кейін соңғы рет байланысқа шыққан.

Ан-32 әскери-көлік ұшағы 1970 жылы алғаш рет әуеге көтерілді, ал қолданысқа 1984 жылдары берілген. Үндістанның әскери әуе күштерінде осындай жүзге жуық ұшақ бар.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support