- Advertisement -

Астаналық әйел Исекешев пен Бишімбаевқа азық-түліктің қымбаттағанына шағымданды

88

- Advertisement -

Астана қаласының тұрғыны Әсет Исекешев пен Қуандық Бишімбаевқа азық-түліктің қымбаттағанына шағымданды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі Әсет Исекешев пен ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қаладағы сауда нысандарына барып қайтты. «Шапағат» сауда орнын аралау кезінде қала тұрғыны шенеуніктерге жақындап, азық-түлік бағаларының жоғарылағанына шағымданды.

«Азық-түліктің бағасы күн сайын өсіп жатыр. Жұмыртқалардың қанша тұратынын қараңызшы? Ұнның бағасы да жоғарылады, қант 350 теңге тұрады, сырт жақтарда 270 теңгеден сатып жатыр. Ал көкөністер мен жемістер қанша тұрады? Өрік 350 теңге, алма да 350 теңге тұрады», — деді әйел шенеуніктерге.

 

Ақпарат көзі: kaz.tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support