- Advertisement -

ЖОО ректорларын тағайындау үшін жаңа ережелер бекітілмек

77

- Advertisement -

 Биылдан бастап мемлекеттік ЖОО ректорлар сайлау арқылы тағайындалады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Бұрын жоғарғы оқу орындарының басшылары ҚР Білім және ғылым министрінің шешімімен тағайындалатын. Бұдан былай ашық конкурс түріндегі іріктеуді ғалымдар, бизнес, жергілікті атқару органдары және қоғам өкілдерінен құралған университеттің Қадағалау кеңесі өткізеді.

 Ректорлыққа үміткерлерді іріктеудің негізгі қағидаларына толықтай сай келіп, университеттің даму бағдарламасын ұсыну міндеттеледі. Үміткер мақұлданған соң, Қадағалау кеңесі өз шешімін Республикалық конкурстық комиссияға жолдайтын болады. Қадағалау кеңесі қолдаған үміткерлер саны үш адамнан кем болмауы тиіс. Алғашқы іріктеуден кейін үміткерлер ҚР Премьер-министрінің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарының жетекшілігіндегі Республикалық комиссияда әңгімелесуден өтіп, алқалы негізде соңғы шешім қабылданады.

Бұл мемлекеттік ЖОО ректорларын сайлау ең алдымен лауазымға тағайындалудың айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, конкурстық іріктеу нәтижесінде ең жақсы деп табылған ЖОО-ның даму бағдарламасын қабылдауға мүмкіндік беретін болады.

ЖОО-ның Қадағалау кеңестерінің тізімдері қалыптасқандықтан олар университеттердің сайттарында ашық жарияланады. Мемлекеттік университеттердің ректоры лауазымдарына үміткерлерді іріктеу таяу кезеңде басталады.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support