- Advertisement -

Алматыда полицейлер Instagram-ға есірткінің суреттерін жариялаған қызды іздестіріп жатыр

93

- Advertisement -

Алматы қаласы ІІД басшысы Серік Күдебаев Instagram-да жарияланған есірткінің суреттерін мұқият тексеріп, оның авторын анықтауға бұйрық берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұған дейін ғаламтор пайдаланушылар алматылық бойжеткен ескіртіні насихаттап жатыр деп шағымданған болатын.

«Басшылық Instagram желісінде жарияланған мақалалардың авторын анықтауды тапсырды. Фотосуреттерді тексеру Алматы қаласының ішкі істер департаментінің оперативті құрылымына тапсырылды. Тексерудің қорытындысы бойынша құқықтық қорытынды жасалады. Егер желіні пайдаланушы шынымен ескірткі қолданатын болса және мұны әлеуметтік желілерде ашықтан-ашық насихаттаған болса, ол үшін жазаланады», – деп мәлім етті Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Ал бойжеткен болса өзінің парақшасында ескірткі қолданатынын, оны қаладағы клубтарда сатып алатынын

ашық жазып отыр.


 

Ақпарат көзі: BNews.kz 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support