Астананың сол жағалауында салтанатты қонақ үй бой көтереді

Астананың сол жағалауында салтанатты қонақ үй бой көтереді
ашық дереккөз
Астананың сол жағалауында салтанатты қонақ үй бой көтереді

InterContinental Hotels Group (IHG) – әлемдік қонақ үй ісінің үздік көшбасшысы, олар Қазақстанда да қанатын кеңге жаюды көздеп, Holiday Inn Express®Astana қонақ үйін ашу үшін арнаулы келісімге қол қойды. Бұл қонақ үй IHG бренді бойынша Қазақстандағы алтыншы және өңірдегі Holiday Inn Express® бойынша бірінші жоба болмақ, деп хабарлайды BNews.kz.

 Holiday Inn Express® Astana елорданың Есіл ауданы Тұран даңғылында салынады. Ол қаланың іскер аумағын халықаралық әуежаймен байланыстырып тұрған негізгі жол.  Қонақ үйден қаланың «Бәйтерек» пен «Хан Шатыр» сияқты басты көрікті жерлеріне көлікпен лезде жетіп баруға болады. Оның үстіне Үкімет үйі мен Министрліктер үйі, Тәуелсіздік сарайы сынды түрлі әкімшілік ғимараттарына да жету оңай.

Holiday Inn Express® Astana қонақ үйінің 232 нөмірі болады, мейрамхана, лобби-бар, іскерлік кездесулер өткізуге арналған кішігірім конференц-залы да қарастырылған. Көлікпен саяхаттайтын жандарға автотұрақтар дайын.

«Астанаға іссапармен жиі келетін саяхаттаушылар және туристер саны күн өткен сайын артып жатыр. Ал, жергілікті нарықтағы қонақ күту әлі өз деңгейінде емес. Жеткілікті дамып болмады. Сондықтан Қазақстанның астанасында танымал Holiday Inn Express® брендін таныстырғымыз келді», – дейді  Fido Estate LLP өкілі Нұржан Оразақов.

Holiday Inn Express® бренді нарықта 1991 жылы пайда болды. Бүгінгі таңда әлемдік танымал жеті брендтің бірі. Қонақ үйлерінің ыңғайлы жерге орналасуымен танылған бренд. Жетпістен астам елде қонақ үйлері бар. Көптеген елдерде ашылуға дайындалып жатқан қонақ үйлері және бар. Яғни, 3 649 қонақ үй қызмет көрсетіп жатыр, тағы 892 қонақ үй ашу жоспарда бар.

Holiday Inn Express® Astana осы бренд бойынша Ресей, Грузия және ТМД елдері аумағындағы және IHG бренді бойынша Қазақстандағы алтыншы қонақ үй болмақ. IHG брендінің Ресей, Грузия, ТМД елдерінде 23 қонақ үйі бар, сонымен қатар, алдағы уақытта тағы 22 қонақүй ашылмақ.

IHG басқа брендтері бойынша ашылған қонақ үйлер әлемнің жүзден аса елінде қызмет көрсетіп жатыр. Ұзақ мерзімді саяхат болсын, қысқа мерзімді іссапар болсын, отбасылық демалыс па, армандағы саяхат па, олар әр қонақтың қалауын таба алады. IHG барлық қонақ үйлері IHG® Rewards Club бағдарламасына қатысады – қонақ үй индустриясындағы бірінші және ең ірі қонақтарға ниеттестік білдіретін бағдарлама, әлем бойынша 94 миллион қатысушысы бар. Бұл бағдарламаға мына сайт арқылы тегін қатыса аласыз: www.IHGRewardsClub.com

Ақпарат көзі: BNews.kz 

Ұқсас жаңалықтар