- Advertisement -

Зейнетақы туралы барлық мәліметті 1418 нөмірінен білуге болады

75

- Advertisement -

Зейнетақы қорының есте сақтала бермейтін ұзын-сонар 11 сандық байланыс нөмірі едәуір қысқарды. Енді зейнетақы туралы барлық мәліметті 1418 қысқа нөмірін теру арқылы білуге болады. Кеңесшілер сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін қызмет етеді. Бұл бастама – салымшылар үшін жасалып отырған қолайлы жағдай. Өйткені қазір зейнетақы туралы ақпаратқа сұраныс көбейіп келеді. Жарты жылдың қорытындысы бойынша қорға 62 мың адам хабарласқан. Ринат Самбаев, «БЖЗҚ» АҚ Сервис және сапаны бақылау департаментінің директоры: — ҚР барлық телефон нөмірлерінен және барлық ұялы операторлардан қоңырау шалу тегін. Байланыс орталығына аптасына 7 күн бойы күн сайын таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін қоңырау шалуға болады. Бұған қоса байланыс орталығына азаматтар біздің сайт арқылы жүгініп, сондай-ақ электронды пошта, чат арқылы қызмет алуға мүмкіндігі бар.

                                                                                                                                                           Ақпарат көзі: www.24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support