- Advertisement -

Алматыға Мысырдан 12 арыстан әкелінді

83

- Advertisement -

110716-cirk 1

Алматының Абай даңғылымен жүріп өткен цирк артистерінің шеруі халқының, әсіресе, балалардың  назарын өзіне ерекше аударды. Шеру халықаралық жобаға кірген «12 арыстан мен Мысыр ханзадасы» атты мерекелік кавалькада талаптарына сәйкес жүргізілді. Сонымен қатар, салтанатты шеруге Алматы циркінің «Номад» тобының аттары мен акробаттары, үйретілген хайуанаттары, жонглерлер мен сайқымазақтар және цирк балетінің артистері қатысты.

110716-cirk 4

«Бұл шара Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылып отыр. Алматы циркі Абай даңғылының бойымен Достық көшесіне дейін жүріп өтіп, халықаралық цирк шеруін бастап берді. Ол үшін Мысырдан 12 арыстан иесімен келгенін де айтуға тиістімін», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебаев.

110716-cirk 3

Цирк шеруі Алматыда үш күн  әрі үш бағытта жүреді.

110716-cirk 5

Алдағы сенбі күні мысырлық әйгілі цирк шебері Хамад Кут Алматы циркінің аренасында «12 арыстан мен Мысыр ханзадасы» аттракционымен өнер көрсетеді.

Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support