- Advertisement -

Еуропаның үздік футболшысы анықталды

54

- Advertisement -

УЕФА Еуропа чемпионатының үздік футболшысын атады.

Техникалық бақылаушылар тобының шешімі бойынша ол Франция құрамасының ойыншысы – Антуан Гризманн. «Антуан Гризманн әр матчта өзінің қарсыластарына қауіп төндірді. Оның техникасы өте мықты және ол командалық ойыншы. Техникалық бақылаушылар бірауыздан турнирде ол ең мықты футболшы болды деген пікірде», — делінген УЕФА сайтында. 25 жастағы Гризманн турнир барысында 6 гол салып, екі рет голға доп шығарған. Германиямен жартылай финалда неміс құрамасының қақпасына екі голды салған да сол. Сондай-ақ Ирландия құрамасымен 1/8 финалда тағы бір гол соқты. Бұған қарамастан, Португалия құрамасымен финалдық матчта Гризманн ерекшелене алмады. Футболдан Еуропа чемпионаты 10 маусымнан 10 шілде аралығында өтті және финалда португалиялықтар француздарды 1:0 есебімен ұтты.

Ақпарат көзі: www.24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support