- Advertisement -

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

71

- Advertisement -

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болды. Ол бұл сайлауда 55 дауыс жинаған Таиланд мемлекетінен басым түскен.
Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан 1-орынға Қазақстан және Таиланд елдері таласқан болатын. «Дауыс берушілердің үштен екісінің қолдауына ие болып, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесіне 2 жылға тұрақты емес мүше болып сайланды, 1 қаңтардан бастап қызметін бастайды», – деп мәлімдеді Бас Ассамблеяның 70-сессиясының төрағасы Могенс Люккетофт.
Өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2016-2017 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне Мысыр, Сенегал, Украина, Уругвай және Жапония елдері сайланған болатын. Осы жылдың 31 желтоқсанынан бастап Ангола, Малайзия, Венесуэла, Жаңа Зеландия және Испания мемлекеттері Қауіпсіздік Кеңестегі орындарын босатады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 15 мемлекет мүшелік етеді. Ұлыбритания, Қытай Халық Республикасы, Франция, Ресей Федерациясы және Америка Құрама Штаттары – Кеңестің тұрақты мүшелері. Одан бөлек 10 тұрақты емес мүше мемлекетті Бас Ассамблея екі жылға сайлайды. Әр жыл сайын оның бесеуі жаңарып отырады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support