- Advertisement -

Өмір жолы өнегелі азамат

154

- Advertisement -

IMG_174+6Облыстың Құрметті азаматы Халил Бейсеевті көпшілікке таныстырып жатудың өзі артық. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде 6 жыл атқарып, хал-қадірінше қоғамға қызмет етті. Осы жылдар ішінде ардагерлерге арналған ұйымның жұмысын жандандыруға күш салып, үлкен абыройға бөленді. Тараз қаласынан «Ардагерлер үйінің» салынуына ықпал етіп, осы ғимаратқа жер телімін алған кезде де Халекең белсенділік танытыпты. 

Облыстық ардагерлер кеңесінде «Халықтар достығы» орденінің иегері, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР инженерлік академиясының алтын медалінің иегері Халил Бейсеевке арнайы бұрыш ашылды. Осынау қуанышты жағдайға арналған жиынды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев ашып, Халил Сағынбекұлының өнегелі өмір жолына, басшылық қызметтердегі іскерлігіне, ардагерлер кеңесіндегі өнегелі, үлгілі жұмыстарына тоқталды.
Сондай-ақ, облыстың Құрметті азаматы Саттар Жанәбілов, еңбек ардагерлері Сембек Сейдәзімов, Қаржаубай Бекболатов, Жәнібек Майханов сөз сөйлеп, Халил Сағынбекұлының азаматтық, іскер, адамгершілік болмыстарына тоқталды. Әсіресе, республикада алғашқылардың бірі болып біздің облыста салынған «Ардагерлер үйінің» бой көтеруіне Халекеңнің табандылықпен еңбек сіңіргенін үлкен ризашылықпен атап өтті.
Шара соңында Халил Бейсеев өмірінің елу жылдан астамын облыстың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына арнағанын айта келіп, өзінің еңбегін бағалап, құрмет көрсеткен облыстық ардагерлер кеңесіне, жиналған ардагерлер мен БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support