- Advertisement -

Чехия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

100

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Чехия Республикасының Үкіметі 30 мамырда өткен отырысында Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды ресми мақұлдады.

Астанадағы Чехия Республикасының Елшілігінің хабарлауынша, бұл тарихи шешім. Өйткені бұрын бұл ел ЭКСПО мамандандырылған көрмесіне қатыспаған.

«Қазақстан Чехия Республикасы экономикалық қатынаста басымдық беретін 12 елдің қатарында бар. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды чехиялық компаниялар қолдап отыр. Олар қазақстандық экономикаға инвестициялар құюға қызығушылық танытып отыр. Бұл компаниялар үшін аталған көрме жаңа нарықтарға қол жеткізу мүмкіндігін береді», — деп хабарлады елшіліктен.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтеді.

ақпарат көзі kazinform

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support