- Advertisement -

Автобус дәретханасына тығылып, шекара аспақ болған қырғыз азаматтары жаға ұстатты

100

- Advertisement -

3 «Мерке» бақылау бекетінің «Сыпатай батыр авто»  бөлімшесінде кеше түнгі сағат 03.40-та, «Астана – Бішкек» бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын тексеру барысында шекара наряды бұрын-соңды кездеспеген уақиғаға тап болды.

Автобустың оң жақ қапталында орналасқан, «Жұмыс істемейді» деген хабарландыру ілініп, құлыпталынып тұрған әжетхананың кілтін автобус жүргізушілері ұзақ іздеген. Шекарашылар талаптарын қатаң түрде қоя бастаған кезде барып әжетхананың есігі ашылған. Сөйтсе, кіп-кішкентай қуысқа 5 адам тығылып алыпты.

Тексеру барысында олардың Қырғыз азаматтары екендігі анықталды. Үшеуінің миграциялық карточкалары жоқ, ал екеуі мүлдем құжатсыз.

Оларды Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр, ал 30 жастағы және 24 жастағы екі жүргізушінің (екеуі де Қырғыз Республикасының азаматтары) істері заңсыз миграцияны ұйымдастырғандары үшін Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі бойынша тексерілетін болады, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support